Елорданың Алғашқы тұрғындары газдандыруүшін құжаттарын алды

17.08.2020

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының алғашқы тұрғындарына газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға мүмкіндік беретін техникалық шарттар табыс етілді.

Елордада 4-тамыздан бастап жеке меншік үй иелерінен газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға өтінімдер қабылданып жатыр. Осы мақсатпен арнайы 3 кеңсе ашылды. Мұнда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері азаматтарды қабылдайды.

Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға өтінімдер Көктал, Көктал-2, Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық ықшам аудандарының тұрғындарынан қабылданады.

Жеке тұлғалардың өз үйлерін газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін ұсынатын құжаттар тізімі бекітілді.

«Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды, сондықтан техникалық шарттарды алып, үйлерді газға қосу жұмыстарын жеделдету керек» деп ескертеді газ мамандары.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарына техникалық шарттар «Көктал» ықшам ауданы, Болашақ көшесі, 4/2 мекен-жайындағы кеңседе беріледі. Ал газдандыру жүргізілетін «Алматы» ауданының тұрғындары Железнодорожный ықшам ауданы, Ж.Жабаев көшесі, 12/2 және Промышленный ықшам ауданындағы Шалкөде 3 мекен-жайында орналасқан кеңселерге хабарласуы тиіс. Кеңселердің жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мұнда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлерінен басқа қалалық және аудандық әкімдіктер, мен мердігер мекемелердің өкілдері де жұмыс істейді.

Қала тұрғындары газға қосылуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Біздің кеңсеге күніне 60-қа жуық адам келеді. Біз газға қалай қосылуға болатынын түсіндіреміз. Бүгін қажетті құжаттарды толық тапсырған тұрғындарға техникалық шарттар берілді. Техникалық шарттар тегін беріледі, – деді Көкталдағы кеңседе жұмыс істейтін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ менеджері Айдын ШАЙМЕРДЕНОВ.

Өтініштерді тек жеке тұлғалар ғана емес, газдандырылатын аумақтарда орналасқан кәсіп иелері – заңды тұлғалар да бере алады.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар