«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да жаңа Бас директор тағайындалды

13.04.2022

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еншілес компаниясында Бас директор (Басқарма Төрағасы) лауазымына Мақсұт Хакім Қайыргелдіұлы тағайындалды.

Мақсұт Хакім Павлодар облысының тумасы.
Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде «Мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

АҚШ-тың Хьюстон университетінде «Master of Business Administration» дәрежесін алған.

Chevron (Хьюстон қ., АҚШ), AGIP KKo (Лондон қ., Ұлыбритания), Total (Париж қ., Франция) халықаралық мұнай-газ компанияларында және «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС-да үлкен техникалық жұмыс тәжірибесі бар.
«ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазҚұрылысСервис» АҚ және «Лукойл ЛЦА» ЖШС компанияларында 18 жылдан астам мұнай-газ индустриясындағы жалпы еңбек өтілімен елеулі өндірістік тәжірибеге ие болды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның 100%-дық еншілес кәсіпорны болып табылады және газдандырылған он бір облыста және республикалық маңызы бар үш қалада тұтынушыларға табиғи газды жеткізумен, сондай-ақ өткізумен айналысады.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар