«QazaqGaz» ҰК» АҚ өңірлік газ тарату желілерінің жылыту маусымына 100% дайын екендігі туралы хабарлайды

27.08.2022

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовтың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты аяқтау жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды.

27 тамыз күнгі дерек бойынша, «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) тиесілі газ тарату желілері мен жабдықтарының алдағы жылыту маусымына әзірлік деңгейі 100% – ды құрады.

ҚТГА газдандырылған барлық 11 облысты және республикалық маңызы бар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын табиғи газбен қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Хакім Мақсұттың айтуынша, газ желілері мен газ құбырларындағы жабдықтардың қыс мезгілінде тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық регламенттік жұмыстар орындалған.

  • Бұл жұмыстарды атқару кезінде тұтынушыларға газ беру процесі тоқтатылмағанын айта кету керек. Дайындық жұмыстарының күрделілігіне орай, өте бір қажетті жағдайларда ғана абоненттер ең көбі бір-үш күнге, негізінен бірнеше сағатқа ғана газдан ажыратылды. Бүгінгі күні алдағы жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстары толығымен аяқталды, – деді Х.Мақсұт.

«ҚазТрансГаз Аймақ «АҚ өндірістік филиалдары бойынша барлығы 4 мың шақырымдай газ құбыры аспаптық тексеруден өткізілді, 1 366 газ тарату пунктіне, 102 435 шкафтық газ реттеу пункттіне, 1 857 жерасты газ құбырларын электрохимиялық қорғау құралына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жоспарлы іс-шараларға өңірлердегі жетекші техникалық қызметкерлер тартылды.

Жоспарлы жұмыстан басқа, тұрмыста газды пайдалану ережелерін қатаң сақтау және мүлтіксіз орындау қажеттілігі туралы тағы да еске саламыз. Кешенді ескерту шараларының арқасында әрбір тұтынушыға «көгілдір отынды» қауіпсіз пайдалану туралы жадынамалар, брошюралар мен ескерту парақшалары таратылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ миссиясы – адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, елдің әл-ауқатына үлес қосу.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар