100-ге жуық кәсіпорын өздеріне газ жеткізетін жекеменшік компаниялардың орнына «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамын таңдады
13.03.2023Газ тарату компаниялары тұрғындарды, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бірақ қызмет көрсету басталғаннан кейін тұтынушы өзіне ең қолайлы мекемені таңдай бастайды.
«QazaqGaz «ҰК» АҚ еншілес мекемесі – «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының жұмысын бүгінгі күнгі қауіпсіз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі ең ірі газ тарату ұйымы ретінде өңірлердегі тұтынушылар бағалап отыр.
Соның арқасында жеке газ тарату компанияларынан қызмет алып отырған өнеркәсіп секторының 97 кәсіпорны 2022 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ-ның қызметіне көшті.
«ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ өздеріне газ жеткізетін жалғыз тұрақты компания деп есептегендер қатарында, ең алдымен, әлеуметтік нысандар -ауруханалар, тамақ өнеркәсібі объектілері, жылыжай кешендері секілді ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, зауыттар, фабрикалар мен өндірістік базалар кешендері.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның газбен жабдықтау қызметіне ауысқан көптеген нысандар Алматы қаласында орналасқан. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, коммуналдық-тұрмыстық сектор нысандары, халыққа қызмет көрсету объектілері бар.
«Біздің нысан, басқалар сияқты, тұрғындардың тұрмысын жеңілдетуге жауапты, сондықтан» ҚазТрансГаз Аймақ » АҚ – ның қызметіне көшу – бұл бірінші кезекте олардың газ жеткізу тұрақтылығына деген сенімге байланысты. Өйткені, газдың тұрақты берілуі – бұл үйдегі жылу мен ас үйдегі жайлылықтың тұрақтылығы», – деп атап өтті «Tau House» тұрғын үй кешенінің төрағасы Татьяна Сабырбаева.
Өнеркәсіп секторының ірі тұтынушыларының ішінде «Қазхром» ТҰК АҚ (Ақтөбе ферроқорытпа зауыты), «SG Brick» ЖШС (Ақмола облысындағы кірпіш зауыты), «Қазтрансойл» ЖШС (мұнай өнімдерін тасымалдау) және т. б. атап өтуге болады.
Сондай-ақ, жеке газ тарату ұйымдарының қызмет көрсетуінен ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызмет көрсетуіне ауысу биыл да жалғасуда.
2023 жылғы 1 наурыздан бастап жеке газ тарату компанияларынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметіне «Ақтөбе ЖЭО» АҚ (жылдық газ сатып алу көлемі 616 млн.м3), сондай-ақ Түркістан облысының Мәдени және Сарқырама ауылдарының коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылары көшті.
Қауіпсіз және үздіксіз газбен жабдықтау бойынша сапалы жұмысты ұйымдастырудың нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ абоненттерінің саны бүгінгі күні 2 миллион 200 мыңнан (11,7 млн тұрғын), кәсіпорындар саны 54 мыңнан асты.