"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шардара қаласындағы 2 шағын ауданды табиғи газға қосты

20.03.2023

Түркістан облысының Шардара қаласында орналасқан Мелдеби, Қанай-Датқа шағын аудандарына табиғи газ берілді. 1700-ге жуық тұрғынды үздіксіз газбен қамтамасыз етуді «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ жүзеге асырды.

Табиғи газды жеткізу үшін 47 шақырым газ құбыры жүргізілді. Газ өткізу жұмыстары республикалық және облыстық бюджет есебінен Шардара қаласының ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша  жүргізілді.

Шағын аудан тұрғындарын осы қуанышымен құттықтай отырып, газ мамандары тұрғындарға көгілдір отынды қауіпсіз пайдалану ережелері көрсетілген жадынамаларды таратты.

«Газ, әрине, адам тұрмысын жеңілдететін игілік, бірақ сонымен бірге газбен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс», – дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаев.

Тұрғындар атап өткендей, көгілдір отын жылыту маусымында көмір жағып, күл шығару машақатынан құтқарады. Экологиялық жағынан да таза отын ретінде зиянды шығарындылар көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сондықтан қаланы газдандыру экологиялық жағдайды едәуір жақсартады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Шардара қаласында 31 845 адам, 4 600 жеке тұрғын үй, 75 көпқабатты тұрғын үй, 54 мемлекеттік және әлеуметтік нысан, 215 кәсіпкерлік нысан, 7 өндірістік нысан бар.

Шардара қаласына ұзындығы 13,041 км жоғары қысымды Д-400 мм жерасты п/е газ құбыры, Шардара ауданының АГРС-18-ден Шардара қаласына дейін Д-426 мм 0,980 км жер үсті болат газ құбыры жүргізілген.

Қаладағы 14 шағын ауданда газ құбырлары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 3 кезеңге бөлінді.Алғашқы кезеңде 3150 тұрғын үй табиғи газға қосылды. Бүгін аталған жұмыстардың екінші кезеңі аяқталып отыр. Ал соңғы үшінші кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанда тағы да 1870 шардаралық тұрғын көгілдір отынның шарапатын көретін болады.

https://www.youtube.com/watch?v=i7QZ3KsFj-c

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар