Мансап
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ кадр саясаты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай қатаң реттеледі.
Кадр саясатын орындау шеңберінде қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, персонал басқару департаменті құрылымдық бөлімшелермен және олардың басшыларымен тығыз әрекеттеседі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ кадр саясатының мақсаты — персоналды тиімді басқару, Қоғамның адами капиталын дамыту және нығайту, адами капиталдың нақтылы артықшылықтарына қол жеткізу арқылы Қоғам құнын арттыру
Кадр саясатының басты басымдылықтары:
- Жоғары дәрежелі кәсіби қызметкерлерді тарту, дамыту.
- Қоғамның персоналын басқарудың үздік әдістерін енгізу.
- Қоғамның кадр резервін басқару, қабілеті жоғары қызметкерлерді дамыту.
- Қоғамдағы инновацияларды және қайта құруларды қолдау.
- Қоғам қызметкерлерінің мінез-құлқын реттейтін бірлескен құндылықтарды, әлеуметтік нормаларды, нұсқауларды құру және әзірлеу.