Компания туралы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — еліміздің газдандырылған барлық 11 облысында және 3 республикалық маңызы бар қалаларында магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания.

Біздің артықшылықтарымыз – ҚР тұтынушыларын газбен жабдықтаудағы сенімділікті, қол жетімділікті және сапаны арттыру. Қызметтердің сапасын, мерзімдерін және құнын ең жақсы байланыстыруға  біз жұмыстарды кәсіби орындау және тұтынушыға ерекше назар аудару арқылы қол жеткіземіз.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ пайымы: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, мықты кадрлық әлеуеттімен, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ газбен жабдықтау саласында қызметтерді көрсету бойынша жетекші Компания бола отырып, болашақта табиғи газды сенімді жеткізуді және тасымалдауды, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғарғы сапасын, қызметтердің тиімділігінің өсуін және ғылыми-техникалық әлеуеттің қолданылуын қамтамасыз ететін кепілгер болады.

Құндылықтары:

  1. Заңдарды сақтау;
  2. Кәсіпқойлық;
  3. Жетекшілік;
  4. Сападағы адалдық;
  5. Инновациядағы және шығармашылықтағы белсенділік;
  6. Демократиялық рух және корпоративтік мәдениет;
  7. Кәсіби командамен жұмыс;
  8. Тиімділік;
  9. Өзара тиімді қызметтестік;
  10. Тәртіп;
  11. Тұрақты даму және оқу;

12.Мирасқорлық;

13.Адамдардың өмірінің сапасы туралы қамқорлық;

14.Әдептілік және өнегелік;

15.Адамға деген құрмет;

16.Игі салттарды қолдану;

17.Әлеуметтік қамқоршылдық, ардагерлерге қамқорлық және жастарды қолдау.

 Қағидалар:

  1. Тұтынушылардың, қоғамның, мемлекеттің қажеттілігін, талаптарын және үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;
  2. ҚР индустриялы дамудың мемлекеттік стратегиясын жетілдіруге көмектесу және іске асыру;
  3. Қызметтерді және технологияларды тұрақты жақсарту;
  4. Қызметтерді кешенді дамыту;
  5. Заманауи басқару технологияларын қолдану;
  6. Корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін тұрақты көтеру;
  7. Ашықтық және есеп берушілік;
  8. Қызметкерлерге тең мүмкіндік және әділ қарым-қатынас;
  9. Қоғамның тұрақты болашағына жауапкершілік.

Біздің компанияның құрылған күні 2002 жылдың 15 сәуірі, бұл күні КазТрансГаз» АҚ шешімімен «КазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ құрылды.

2005 жылы «Аймақтық газ тасымалдау жүйесі» АҚ қосылғаннан кейін қайта құрылды, 2007 жылдың 25 қаңтарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ деген жаңа атауға ие болды. 2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания таратушы газ құбырларымен газ тасымалдауды өзінің өндірістік филиалдары арқылы жүзеге асыра бастады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалғыз акционері «QazaqGaz» ҰК» АҚ болып саналады. «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бүгінде 60 980 км. таратушы және магистралды газ құбырлары және өзге қажетті инфрақұрылымды біріктірген Қазақстанның ірі газ таратушы кешеніне айналды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала, ауыл, елді мекендерді газдандыру, сонымен қатар алдағы уақытта оларды урбанизациялау және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін газ инфроқұрылымын құру жөніндегі Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын табысты орындап келеді.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері- тауарлы газды жеткізуді, таратушы желілер бойынша көгілдір отынды тасымалдауды, аймақтарға газ тасымалдау активтерін басқаруды ұйымдастыру.

Қызметтің басты бағыты — елді мекендерге, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен авариясыз және үздіксіз қамтамасыз ету.

Бүгінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары республикалық мағызы бар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, және Түркістан облыстарына тауарлы газ жеткізеді.

Қазақстандағы тауарлы газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95% өсті. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның абоненттер саны 2 миллион 200 мыңнан (11 млн тұрғын), сондай-ақ кəсіпорындар саны 55 мыңнан асты.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы, қызметкерлері және өндірістік филиал жұмыскерлері жоғарғы еңбек және өндірістік қызметтері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қалаларда, елді мекендерде, кәсіпорындарда мерзімінен бұрын газдандыру жұмысын сәтті, табысты өткізгені үшін компаниямыз облыс, қала әкімдерінен, сонымен қатар «Аманат» партиясы филиалдарынан алғыс хаттар алды.