Экологиялық менеджмент

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты табысты іске асыру үшін табиғи ресурстарды сақтауға, барлық шығарындылардың көздерін түгендеуге, сондай-ақ адамның денсаулығына және шығарындылармен байланысты қоршаған ортаға маңызды әлеуетті тәуекелдермен және әсерлермен жұмсартуға және басқаруға бағытталған процестер болуы қажет.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ шығарындыларды басқару жөніндегі саясатының мақсаты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясатты және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  Даму стратегиясын іске асыру үшін қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайту, тұрақты дамуын арттыру үшін шығарындылардың тиімді басқарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

2019 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ шығарындыларды басқару жөніндегі саясаты бекітілді.

Саясаттың негізгі міндеттері:

1) бүкіл Қоғам бойынша міндетті пайдалануға арналған шығарындыларды басқару тәсілін реттейтін қағидаттарды айқындау;

2) өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, шығарындыларды азайту;

Шығарындыларды басқару келесі 6 «климаттық» қағидатқа негізделеді:

1) қызметті заңнамалық талаптарға және Қоғамның өзге де міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;

2) шығарындылардың белгіленген нормативтерін және ластаушы заттар шығарындыларына лимиттерді, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сақтау;

3) рөлдер мен міндеттерді дәл бөлу, құзыреттілігін арттыру, оқыту және хабардар болу;

4) шығарындыларды тұрақты есепке алуды, түгендеуді және мониторингті жүргізу;

5) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және «Көміртегі ізін» азайту жөніндегі іс-шараларды өткізу;

7) шығарындыларды басқару бойынша қызметті тұрақты жақсарту.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты. Қоғам өндірістік қауіпсіздіктің аса маңызды стандарттарына сәйке келуге ұмтылады және өндірісті тиімді басқарудың негізгі элементі ретінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйелерін тұрақты жетілдіруді көздеп отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ішімдікке, есірткі, психотроптық және сол тектес заттарға қатысты саясаты. Қоғам салауатты өмір салты принциптерінің сақталуын құптайды және ішімдік, есірткі, психотроптық және сол тектес заттардың әсерінде болған жұмыскердің және жұмыскердің өзінің және айналадағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жат қылықтарының нәтижесінде туындайтын күтпеген жағдайлардың даму мүмкіндігіне өз алаңдаушылығын білдіреді. Саясаттың әрекеті Қоғамның барлық жұмыскерлеріне, сондай-ақ Қоғам объектілеріне қызмет көрсететін мердігер ұйымдардың, соның ішінде жасалатын шарттарда көрсетілген жағдайлардағы көлік тасымалы жұмыскерлеріне қолданылады.

«ҚазТранГаз Аймақ» АҚ өзінің экологиялық қызметтерін тұрақты дамытуға ұмтыла отырып, 2010 жылдан бастап ИСО-14001 Экологиялық менеджмент халықаралық стандарт талаптарына сәйкестіктің сертификаттық аудитінен табысты өтіп келеді.

Компания ISO-14001 енгізілген экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес жыл сайын экологиялық аспектілерді теңестіреді, сыртқы және ішкі тексерулер мен қадағалау кезінде экологиялық заңнама сәйкестігіне ластауыш заттардың шығарындыларына белгіленген лимиттердің асып кетпеуі сияқты экологиялық тәуекелдерді бағалайды, мониторинг жүргізеді және бақылайды. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар анықталады және мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-шаралар әзірленеді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ құрылыс кезеңінен жойылу кезеңіне дейінгі өндірістік объектінің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне (ҚОӘБ) кешенді бақылау жүргізеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ құбырлары тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің объектілері болып табылады. Компанияның миссиясы адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлау, еліміздің әл-ауқатына үлес қосу, жергілікті халықпен тығыз байланыс бар. Компания қоршаған табиғи ортаға және халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін тәуекелдерді ескереді. Осыған байланысты «Авариялық жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету» рәсімі әзірленген.


Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі  бағдарлама әзірленді. Бағдарламаның міндеттері:

– компанияның энергетикалық тиімділігін арттыру бойынша шағын, орта және жоғары шығынды ұйымдастырылған іс-шараларды көрсету және ТЭР сатып алуға арналған шығындарды төмендету;

– энергия үнемдеу бойынша қаржыландырудың болуы мүмкін көздерін талдау;

– компанияның энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру үшін энергия сервистік шарттарды жасау мүмкіндігін талдау;

Бағдарламаның мақсаттары:

– қызметтердің негізгі және қосымша нәтижелерінің номенклатурасы бойынша компанияның энергия жұмсауын төмендету;

– отын-энергетикалық ресурстарды сатып алуға арналған шығындарды төмендету.

Сонымен қатар, энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді арттыру саласындағы саясат әзірленді:

  • ұсынылатын қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету есебімен энергия үнемдеу шараларын тұрақты түрде жүзеге асыруға;
  • энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге;
  • Қоғамның қызметкерлері арасында энергия үнемдеу мәдениетін одан әрі дамытуға;
  • энергия ресурстарын тиімді пайдалану үшін персонал уәждемесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғам басшылығы энергетика менеджменті жүйесімен (ЭжМЖ) анықталған жақсартудың тұрақты және үзіліссіз процесі негізінде көрсетілетін қызметтердің энергетикалық тиімділігін арттыру, энергия ресурстарын ұтымды жұмсау және үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша өзіне міндеттемелер қабылдағаны туралы мәлімдейді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

1) энергетикалық ресурстарды тұтынуды төмендетуге және кәсіпорын қызметтерінің барлық салаларында жаңа экологиялық қауіпсіз және энергия тиімді технологияларды енгізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, қаржылық, техникалық, технологиялық және құқықтық іс-шараларды өткізу жолымен меншікті энергетикалық сипаттамаларды тұрақты жақсартуды жүзеге асыру бойынша;

2) ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті көздерді ұсыну бойынша;

3) энергоменеджмент, энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік, салалық және корпоративтік стандарттарды, нормативтік талаптарды, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілерді сақтау;

4) газбен жабдықтау және сервистік қызметтерді көрсету кезінде энергоменеджмент жүйелерінің негізгі сипаттамаларын мониторингтеу, өлшеу және талдау, маңызды энергия тұтынушыларды тұрақты бағалау негізінде энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын басқару;

5) энергия тиімділігі және энергетикалық ресурстарды үнемдеу жағдайларын, энергоменеждмент жүйелерінің жұмысы үшін жеке жауапкершілікті түсіне отырып, оның хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Қоғам персоналының біліктілігін арттыруды тұрақты жүзеге асыру;

6) энергия ресурстарды тұтыну кезінде қоршаған ортаға әсерін төмендету;

7) Қоғамның энергетикалық нәтижелілігін жақсатуға бағытталған жобаларды әзірлеу, энергетикалық тиімді өнімдерді және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға көмек көрсету.


Қоршаған ортаға әсері

 Қоғамның стратегиялық мақсаттары толық көлемде жаңа елді мекендерді газдандыру, газ тарату желілерінің қуаттылығын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі негізгі газ жобаларын іске асырудың белгіленген мерзіміне байланысты. Бұл ретте, қоршаған ортаны қорғау өндірістік қызмет кезінде басымдықты мәннің біріне ие. Сонымен, Қоғамның экологиялық саясаты мемлекет стратегиясына, заңнамалық талаптарға сәйкес әзірленді және қабылданды, қызмет процесінде қоршаған ортаға жағымсыз әсерді барынша азайту жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған.

Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарларының стратегиясы ауа алабын қорғауды, су және жер ресурстарын, флораларды және фауналарды  ұтымды пайдалануды,  өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеуді, басқару жүйелерін және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді, ғылымыи-зерттеу және жобалық-іздестіру жұмыстарын, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ экологиялық ағарту-ісін және насихатты қарастыратын негізгі тоғыз бөлімнен тұрады. Мысалы, компаниямен газ тарату жүйелеріне жүргізілетін жаңғырту жұмыстары ластайтын заттар мен парник газдарының шығарындыларын едәуір төмендетуге әкеледі Атмосфералық ауа және сарқынды су мониторингі қоршаған ортаның жағдайын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссиясы

Өлшем бірлігі

2018

2019

Ауаға шығарындылар

тонна

55787,9

53 330,5

Сарқынды суды жіберу

тонна

2,77

2,77

Қалдықтар

тонна

800,3

800,5

Тұтынушылар саны мен жаңадан газдандырылған елді мекендердің артып келе жатқанына қарамастан,  ауаға шығарындылар біртіндеп азайып келеді.

Су ресурстарына қатысты, компания соңғы үш жылда 22 мың м3. аса суды үнемдеді. ҚТГ А өзінің өндірістік қызметтерін жүзеге асыру кезінде Маңғыстау филиалының өндірістік аймақтарының ағаштарын суғару және шаңды басу үшін биологиялық тазартылған сарқынды суды екінші рет пайдалану арқылы ұтымды пайдаланады.

Топырақты шаңды желден, бораннан, зрозиядан қорғау мақсатында және жалпы ауа алабын сауықтыруға жағдай жасауда компания қалаларда және елді мекендерде газ құбырларын жаңғырту кезіндегі жер жұмыстарынан кейін өз аумағын көгалдандырумен айналысады, жолдардың және өткелдердің асфальттарын қалпына келтіреді.

Компания өзінің экономикалық қызметтерін тұрақты түрде жетілдіруге ұмтыла отырып, 2010 жылдан бастап ИСО-14001 Экологиялық менеджмент халықаралық стандарт талаптарына сәйкестіктің сертификаттық аудитінен табысты өтіп келеді. Енгізілген ISO-14001 Экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес компания жыл сайын экологиялық аспектілерді теңестіреді,  сыртқы және ішкі тексерулер мен қадағалау кезінде экологиялық заңнама сәйкестігіне ластауыш заттардың шығарындыларына белгіленген лимиттердің асып кетпеуі сияқты экологиялық тәуекелдерді бағалайды, мониторинг жүргізеді және бақылайды.

Қоғамды 2018-2020 жылдарғы кезеңге Қазақстан Республикасының парник газдарының шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарына қосуға байланысты, компания алдында жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу есебінен парник газдарының шығарындыларын төмендету жөніндегі міндет тұр. Ұлттық жоспардың әрекеті кезеңінде жыл сайын көмірқышқыл газының шығарындыларын 2 628 тоннаға қысқарту қажет, бұл қыста ауа температурасы күндіз көтерілген кезде газбен жабдықтаудан газ құрылғысын уақтылы ажыратумен және қашықтан қол жеткізумен өз қазандықтарына газды есепке алу аспаптарын орнату есебінен қол жеткізуге болады. Осыған байланысты, жылыту қазандықтарындағы есепке алу аспаптарына түгендеу жүргізілді, олардың жұмысқа қабілеттілік сапасы тексерілді және кейбір жерлерге жаңа есепке алу аспаптары орнатылды.

Ластауыш заттардың шығарындыларына белгіленген лимиттерден асу фактілерінің болмауына байланысты, Қоғамның өндірістік қызметі қызмет көрсететін өңірлердегі атмосфералық ауаның сапасына әсер еткен жоқ. Жалпы өзге отын түрлерімен салыстырғанда табиғи газ экологиялық жағынан анағұрлым таза болып табылады.

Табиғи газды пайдаланудың тиімділігі мен пайдалылығының бірден бір мысалы Астана қаласы болып табылады. Бүгінгі күні, астананың жылу энергетикалық станциялары көбінесе көмір мен мазутты қолданады. Астана қаласы жыл сайын орта есеппен 30 мың вагон көмір және 280 цистерна мазут жағады. Жылыту маусымындағы көмірдің тәуліктік шығыны шамамен 13 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте, астана аумағы кеңейіп келеді, халық саны өсуде, демек тұтынылатын отынның көлемі де ұлғаяды. Көмір мен мазут жанғанда экологияға зиян келтіреді. Қысқы уақытта Астана қаласынан түтінді байқауға болады.

Шын мәнінде, табиғи газ – бұл арзан отын түрінің бірі. Оның жылу шығару қабілеті жоғары, газ құбырлары арқылы жеңіл тасымалданады, отынның басқа түрлерімен салыстырғанда экологиялық таза болып табылады. Ол жанғанда көмірге қарағанда зиянды заттар аз бөлінеді. Кейбір елдер, мысалы Финляндия көмірден толықтай бас тарту жоспарлары туралы жариялады. Оны жаққаннан энергия өндіру ғана емес, көмірден алынған электрді импорттау заңнан тыс (заңсыз) болады.

Бұрын жылыту үшін көмір пайдаланылған Қоғам қызмет көрсететін өңірлердегі елді мекендерді газдандыру атмосфералық ауаның және қоршаған ортаны жақсартуға оң әсерін тигізеді.


Қалдықтарды басқару

Қатты-тұрмыстық қалдықтар және люминесцентті шамдар кәдеге жарату (жою) және залалсыздандыру үшін тараптық ұйымдарға өткізіледі.


Ақпараттарды ашу /айқындық

Авариялық-құтқару құраммен келісілген аварияларды жою жоспары және жергілікті органдармен келісілген өзара әрекеттестік жоспары бар.

Табиғи газдың шығуы байқалған кезде халықтан өтінімдерді қабылдайтын авариялық-диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.

Компания жылына 2 рет РКШО қатысады, сондай-ақ жаттығу оқуларын жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес әртүрлі жаттығулар өткізеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді және тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға есеп береді, өндірістік экологиялық бағдарлама шеңберінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингін жүргізеді және әсер ету мониторингіне:

– атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі (азот тотығы, көміртек тотығы, күкірттің еселенген тотығы);

– ластаушы заттардың төгінділері мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, өлшенген заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге ластаушы заттар);

– радиациялық мониторинг (дозиметрлік және радиометрлік бақылау);

– санитариялық қорғау аймағы шекараларындағы атмосфералық ауа мониторингі (күкіртсутек, көмірсутек, азот тотығы, көмірқышқыл тотығы, күкірттің еселенген тотығы);

– су ресурстарының мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, өлшенген заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге ластаушы заттар);

– топырақ жамылғысының мониторингі (металлдар, сульфаттар, хлоридтер және өзге ластаушы заттар) қосылады;

Алынған нәтижелер эмиссиялардың нормативтерімен және гигеналық нормативтермен салыстырылады, нормативтерден асу анықталған жағдайда оларды жою жөнінде жедел шаралар қолданылады.