Компания басшылығы

Асқаров Бауыржан Бекзатханұлы
ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы)

Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын,

Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік Мұнай және Газ университетін бітірген.

Осы уақытқа дейін әр жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінде басқарма басшысы,

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департамент директоры,

«ЭНИ Аджип Caspian Sea» аға кеңесшісі,

«KMG Drilling&Services» ЖШС басқарушы директоры,

«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ аппаратының басшысы, Бас директордың орынбасары – Басқарма мүшесі,

«ҚМГ Қашаған Б.В.» – Норт Каспиан Оперейтинг Компани (NCOC) корпоративтік сервис директоры қызметтерін атқарған.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ 2023 жылғы 13 шілдесі күнгі шешіміне сәйкес, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып тағайындалды.


 

НАҒЫМ СӘЛІМ ЖАҢАБАЙҰЛЫ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары
Өмірбаян

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін,

Cass Business School, City University London магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын Agip North Caspian company N. V. зауытында оператор болып бастады.

Әр жылдары «ҚазРосГаз», «ҚазТрансГаз», “Урихтау Оперейтинг» мұнай-газ компанияларында жұмыс істеді.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ тасымалы департаментінің сарапшысы,

«Astana Oil Company» ЖШС Бас директорының орынбасары,

«Компания Жан және КС» ЖШС Бас директоры,

ҚР Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ҚР Президентінің Жастар Кадрлық Резервінің мүшесі.

2023 жылғы 31 шілдеден бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.


 

ЖИЕНБЕКОВ ЖАСҰЛАН МҰХТАРҰЛЫ

Заң департаментінің директоры (Басқарма мүшесі)
Өмірбаян

1985 жылдың 13 ақпанында Шымкент қаласында туған.

Білімі:

— Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры (2007), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, юриспруденция бакалавры (2010), WARWICK UNIVERSITY, мемлекеттік саясат магистрі (2014).

Жұмыс тәжірибесі:

— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментінің жетекші маманы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы (2007-2017);

— 2017 жылдың 3 сәуірінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Заң департаментінің директоры болып тағайындалды.


 

БАЙҒОЖИН ЕРКЕБҰЛАН МӘДЕЛХАНҰЛЫ

Басқарушы директор
Өмірбаян

1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті,

Мамандығы: «Құқықтану».

Жұмыс тәжірибесі:

1995–2014 жж. – аудан прокуроры, басқарманың аға прокуроры, басқарма бастығы, Көкшетау қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Ақмола облысы Еңбекшілдер және Астрахан аудандарының прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының аға прокуроры (Астана қ.).

2014–2020 жж. – ҚР қаржы мониторингі Агенттігінің басқарма басшысы (Астана қ.), Тараз қаласы бойынша Департамент басшысы.

2020–2022 жж. – Альфа-Банк ЕБ АҚ Астана филиалы қауіпсіздік қызметінің
бағыт басшысы.

2022 ж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры.

2022 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры.


 

ШАЛАБАЕВ АЗАМАТ ИСМАИЛБЕКҰЛЫ

Басқарушы директор
Өмірбаян

1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика факультеті. Мамандығы: «Есеп және аудит».
INTI халықаралық университеті (Куала-Лумпур қ.), IT-технологиялар факультеті. Мамандығы: Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистр;
Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, құқықтану факультеті. Мамандығы: заңгер (құқықтану магистрі);

Жұмыс тәжірибесі:

2008–2011 жж. – «Теннис спорт клубы» ЖШС бухгалтері, директор орынбасары (Шымкент қ.).

2011–2016 жж. – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС телекоммуникациялық технологиялар департаментінің менеджері, бухгалтерлік есеп және әкімшілік қамтамасыз ету қызметінің бас менеджері.

2016–2017 жж. – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сатып алуды бақылау және мониторинг департаментінің менеджері.

2017–2022 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды бақылау және мониторинг департаментінің аға менеджері.

2022 ж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сатып алуды үйлестіру қызметінің басшысы.

2022 жылдың 8 маусымынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры.


 

ҚЫМБАТОВ УӘЛИХАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Техникалық директор
Өмірбаян

1992 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген

Білімі: Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ресей). Мамандығы: инженер-технолог.
Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Ресей). Мамандығы: «Мұнай және газ тасымалдау кәсіпорындарында тиімді басқару» – Executive master of business administration.
Қазақстан-Британ техникалық университеті. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру магистрі», мұнай және газ бағыты бойынша басшыларға арналған MBA.

Жұмыс тәжірибесі:

2015–2016 жж. – «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС технологиялық қондырғылар операторы.

2016–2017 жж – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасының өндірістік-техникалық қызмет маманы, ЛЭС инженері.

2017–2020 жж – «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тарату құбырларын пайдалану және сервистік қызмет департаментінің І санатты менеджері, бас менеджері.

2020–2022 жж – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры.

2022 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық директоры.