Астана өндірістік филиалы

Филиалдың мекенжайы: Астана қ., Республика даңғылы 24, 4 қабат, «Парасат» БО
Байланыс нөмірлері: 8 (7172) 55-89-75, іш. 6353 (қабылдау), 6312 (техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша), 6333 (халыққа қызмет көрсету бөлімі), 6307 (газды есепке алу және газ үшін ақы төлеу мәселелері бойынша), 6375 (бухгалтерия). 6304 (авариялық-диспетчерлік қызмет).
Эл. почта: astana@ktga.kz
Басшылық:
Директор – Сулейменов Нурлан Маратович, іш.тел.6300
Директордың бірінші орынбасары – Балабеков Ержан Болатбекович, іш.тел.6302

Филиалдың қызметі газды құбырлар мен тарату желілері арқылы тасымалдауды қамтамасыз етумен, газ құбырларын пайдаланумен және табиғи газды халыққа, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларға, Астана қаласы мен Ақмола облысының отын-энергетикалық кешендеріне сатумен байланысты.
Филиал қызметінің басым бағыттарының бірі тұрақты газбен жабдықтау және газдандырылған тұтынушыларды ұлғайту перспективасымен газ тасымалдау жүйесін авариясыз және қауіпсіз пайдалану болып табылады.

Құрылған жылы 2019
Абоненттік бөлімдер саны 1
Аудандық газ шаруашылықтарының саны 3
Қызметкерлер саны 62
Астана қаласындағы абоненттер саны 8 063
Ақмола облысындағы абоненттер саны 385
Астана қаласындағы газ құбырларының ұзындығы 606,655 км
Ақмола облысындағы ұзындығы 345,153 км
* 22.02.2023 жылғы жағдай бойынша ақпарат.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры Орталық Қазақстан мен мемлекетіміздің астанасын елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесімен байланыстырды. Жалпы ұзындығы 1061 км және 170 тен астам елді мекенді қамтитын Астана қаласына дейінгі газ құбыры 2019 жылы салынды.
Елорданы газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2019 жылғы 5 желтоқсанда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы құрылды.

2020 жылғы 30 шілдеде әкімдік пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның негізінде филиал жеке және заңды тұлғаларға Астананың газ тарату желілерін жобалауға және қосуға техникалық шарттар беру бойынша жұмыстарды бастады.
Жобаның ТЭН-не сәйкес газ тарату жүйесінің құрылысын жүзеге асыру 2020-2025 жылдар кезеңінде жоспарланып, үш кезекке бөлінген.
9 іске қосу кешені бар жобаның 1-кезегінің құрылысы 2019 жылдың күзінде басталды және қазіргі уақытта толығымен аяқталды. Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың қарашасы аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ күшімен 1 және 2 іске қосу кешендерінің 2-кезегінің құрылысы жүзеге асырылды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 600 шақырымнан астам газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен шамамен 500 км газ құбырлары салынды, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаражаты есебінен 100 км астам газ тарату желілері мен құрылыстары салынды. Тоғыз тұрғын үй алабын газға қосу қамтамасыз етілді, с.і. «Железнодорожный», «Көктал-1», «Көктал-2», «Агрогородок», «Промышленный», «Юго-Восток», «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный». Қосылуға Астана қаласында шамамен 11 724 абонент қол жеткізді.
Сондай-ақ, ЖЭО-1, 2 13 қазандығын газға ауыстыру жұмыстары аяқталды (ЖЭО-1 он қазандық, ЖЭО-2 алты қазандық).
Жобаның 2-кезегін одан әрі іске асыру 2023 жылдың соңына дейін айналма жол бойынша газ тарату желілерін келесі: «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Garden Village», «Қараөткел» және «Ильинка» тұрғын алаптарына жүргізе отырып, газ құбырын салуды көздейді.

Ақмола облысын газдандыруға қатысты, 2022 жылы пайдалануға 345 км газ құбыры енгізілді, 15 000 м3/сағ. өткізу қабілетімен.
Осылайша, Ақмола облысының Аршалы ауданында 15 елді мекен газға қосылған (Аршалы а., Турген а., Донецкое а., Анар ст., Ақбұлақ а., Ақтасты а., Берсуат а., Байдала а., Шөптікл а., Ижевское а., Жалтыркөл а., Бабатай а., Арнасай а., Волгодоновка а., Қойгельды а. және 42-разъезд ст.)

2023 жылы Жібек Жолы ауылында газды іске қосу Аршалы ауданын газдандырудың соңғы кезеңі болады, пайдалануға беруге 5 ГРП орнатумен 229,054 км газ желілері жоспарланған.

Осылайша, Аршалы ауданы бойынша 2020-2023ж. құрылыс кезеңінде барлығы 574,66 км.газ құбырларын пайдалануға беру жоспарланған. Табиғи газға 8 230 тұрғын үй қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, 2023 жылы Целиноград ауданындағы (Аққайың, Қоянды және Шұбар ауылдары) газ құбырларының жалпы ұзындығы 425 км-ден асатын 3 ауылды газдандыру жоспарлануда, газға 8 933 абонент қол жеткізе алады.
Жалпы, газдандыру жобаларын іске асыру халық үшін барынша жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтудың өсуіне, инфрақұрылымды дамытуға, табиғи газды пайдалана отырып, жаңа өндірістер құруға себеп болады. Осылайша, газдандыру Астана қаласы және Ақмола облысын дамытуға елеулі импульс береді, оны бизнес жүргізу және тұру үшін барынша тартымды етеді.