Қоршаған ортаны қорғау
Қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаттарын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаға экологиялық аспекттердің әсер ету тәуекелін басқару мақсатында Компания келесі принциптерді ұстанады:
- газбен жабдықтауға және сервис қызметтерін көрсетуге қарай ISO 14001:2004 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін ұдайы арттыру;
- қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану саталындағы халықаралық стандарт талаптарын, жетекші компаниялардың осы бағыттағы оңтайлы жетістіктерін және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін есепке алу;
- газ құбырларының, ондағы құрылғылардың және басқа өндірістік, өндірістік емес объектілердің орналасу аймағындағы қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
- халықаралық және отандық заңнамаларға, нормативтік талаптарға, сондай-ақ Компания келіскен басқа мүдделі тараптардың талаптарына Қомпания қызметтерінің сәйкестігін анықтау және бағалау;
- қоршаған ортаны қорғау менеджментін іске қосу кезінде барлық мүдделі тараптардың пікірін есепке алу, тұтынушылармен, қоғаммен, билік және қадағалау органдарымен, іскерлік серіктестермен, жеткізушілермен тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және сақтау, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу арқылы тиянақты дамуды қамтамасыз ету.
Компания басшылығы қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыруға, олардың сәйкестігіне, жарамдығына, қайта қаралуына жауапты болады.