Тұрғын үйді газдандыру

Тұрғын үйді газдандыру және оны жобалау бойынша қызметтер нарығы бәсекелес ортаға берілген.
Бұл жұмыстарды лицензияланған ұйымдар ғана орындауға құқылы, оларды әр тұтынушы өзі таңдайды.
Ақшасына сай сапалы қызмет алу үшін және алаяқтардың құрбаны болмау үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұсынған кеңестерді пайдаланған жөн:
1) Үйді газдандыру үшін бірінші кезекте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан техникалық шарттар алу қажет. Техникалық шарттарды (ТШ) алуға өтінім берудің мынадай жолдары бар:
• онлайн – www.ktga.kz (http://www.ktga.kz/video-instruction/), сайтында «Тұтынушының жеке кабинеті» арқылы. Өтінімді өңдегеннен кейін дайын Техникалық шарттарды SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады;
• өңірлерде орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша;
• ХҚКО арқылы (қазіргі уақытта қызметтер Астана қаласындағы екі ХҚКО-да: Серкебаев к-сі 13 және Сәтбаев к-сі 25 көрсетіледі).

ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ БЕРУ ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ (ТЕГІН) ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

2) «Нарықты» талдаңыз: әр түрлі интернет-ресурстарда (market-place) өнім берушілердің ұсыныстарын зерделеңіз, үйлеріне табиғи газ кіргізген туғандарыңыз бен таныстарыңыздан сұраңыз.
3) Салыстыру үшін істелетін жұмыс құнына (құбыр жүргізудің 1 метрі қанша болады, бір жабдықты орнатуға қанша ақша алады және т. б. үшін) және жұмыстың орындалу мерзімдеріне назар аударған жөн.
4) Пікірлерге назар аударыңыз.
5) Компанияның өз кеңсесі мен сайтының болуы да сенімнің маңызды факторы болып табылады.
6) Таңдалған компанияның сенімділігін тексеру үшін лицензиялары мен аттестаттарының бар-жоғын тексеріңіз. Мұны мына ресурстар арқылы жасаған дұрыс https://elicense.kz/LicensingContent/SimpleSearchLicense (контрагенттерді тексеру сайттарында ұйымның БСН-ін оның атауы бойынша білуге болады https://pk.uchet.kz/, https://statsnet.co/, https://pk.adata.kz/ және көптеген т.б.).
7) Сондай-ақ, осы сайттардан компаниялардың нарықтағы нақты тәжірибесін біле аласыз.
8) Егер қандай да бір компанияны таңдасаңыз, олардан үлгілік шартты және істелетін жұмыстардың нақты сметасын сұраңыз. Смета келісім-шартқа міндетті қосымша болуы тиіс.
9) Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін компания жұмыскерлерінде аттестаттау куәлігінің болуын сұраңыз. Куәліктерде дәнекерлеушінің жұмыстардың қандай түрлерін орындауға рұқсаты бар екені көрсетіледі.
10) Шартты жасасуда келесі тармақтарды толтыру міндетті: шарттың мәні, жұмыстың құны, орындалу мерзімдері, біткен жұмысты қабылдау қалай жүзеге асырылатыны.

НАЗАР аударыңыз! Құрылыс компанияларының сырттағы газ тарату жүйесіне газ құбырын жүргізген тұрғын үйді тікелей қосылуға құқығы жоқ, мұны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іске асырады.
Тұрғын үйді газдандыру бойынша кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ объектіні табиғи газға қосуға дайындығын және орындалған жұмыстың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Осы тексеру барысында мердігер жіберген түрлі кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталуы мүмкін, оларды дұрыстауға мердігер міндетті болады!

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНБАЙДЫ
және газдандыру қызметтерін көрсететін компаниялардың қызметі үшін жауап бермейді!

Газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын компаниялар тізімі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (лицензиар) тізілімінде ұсынылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/documents/details/372062?lang=ru (тізілімге сілтеме)

Болашақ абоненттерге ыңғайлы болу үшін өңірлерде газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын компаниялардың тізімін қоса береміз:

Астана қ.
Алматы қ.
Шымкент қ.
Ақтөбе облысы
Алматы облысы
Атырау облысы
Шығыс Қазақстан облысы (Зайсан ауданы)
Жамбыл облысы
Жетісу облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Түркістан облысы

Компаниялардың осы тізімі ақпараттық-таныстыру мақсатында жарияланды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз тарапынан аталған компаниялардың сенімділігі үшін жауапты емес!

Ескертпе:
Монтаждау ұйымдарының тізімі үнемі жаңартылып отырады! Ол үшін өңірлердегі монтаждау ұйымдары өздерін осы тізімге енгізу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарына өтінім бере алады.