Заңды тұлғаларға
Жаңа объектілерді газдандыру, жаңа газ құбырларын салу (бар газ құбырларын ауыстырумен), бар газ құбырларының диаметрлерін өзгерту немесе орнын ауыстыру және т.б. үшін жергілікті газ тарату ұйымдарынан (газдандыру объектілерін жобалауға) Техникалық шарт (ТШ) алу қажет.
Заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, ТШ алу үшін келесідей құжаттар қажет:
— «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық директорының немесе (өндірістік филиалдың бас инженерінің) атына хат (өтініш), объектіге газдың сағаттық шығынының барынша жоспарланған мөлшерін көрсете ортыра ТШ беру туралы өтініш білдіреді;
— Жерге мемлекеттік акті көшірмесі, объект орналасқан жердегі жылжымалы мүлікке құқықты орнатушы құжаттар, немесе объектіні газдандыруға жылжымалы мүлік иесінің нотариалдық ресімделген келісімі;
— Объектінің техникалық төлқұжат көшіремесі;
— Газ қысымы мен шығыны бойынша газды пайдаланылатын жабдықтардың техникалық деректері;
— Тапсырыс берушінің құрылтай (тіркелген) құжаттары;
— М 1:500 масштабында, іргелес жатқан территориясымен объект орналасқан жердің топографиялық түсірімі.
Монтажды жұмыстарды жобалауды және өндіруді тиісті мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар немесе өз аймағындағы («ҚТГАймақ» АҚ ӨФ) газ тарату ұйымдарымен шарт жасауға болады.
Техникалық және апаттық жағдайда қызмет көрсету шарты (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, қолданылатын тұрғын үйге жатпайтын ғимарат, құрылыс, жайлар)
Техникалық және апаттық жағдай кезінде қызмет көрсету шартын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ-мен немесе атаулы жұмыстарды орындауға лицензиясы бар (қажетті техникамен, жабдықтармен, материалдармен және білікті персоналмен жабдықталған) ұйымдармен жасау.