«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2021 жылдың қорытындысын шығарды
01.03.2022Бас директор Рустам Сүлейманов ұжымға компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, жетістіктері мен 2022 жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Былтыр абоненттердің жалпы саны 2 миллион 222 мыңға жетті. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 4,8% құрады. Газ құбырларының жалпы ұзындығы 59 мың 786 шақырымды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2 675 мың шақырымға немесе 5 пайызға артты.
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы өңірлерді газдандыру қарқынды жүргізілді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Интернациональный, Мичурин, Күйгенжар тұрғын алаптары газға қосылды.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Вознесеновка және Достық ауылдарына көгілдір отын тартылды.
Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларының алғашқы тұтынушылары газға қосылды. Құрылыс облыс әкімдігінің тапсырысымен жүргізілді. Көптен күткен газ «Сарыарқа» магистральды газ құбырының арқасында қолжетімді болды. Келесі жылы отандық ірі кәсіпорындардың бірі – «Арселор Миттал Теміртауды» қосу жоспарлануда. Бұл 2025 жылға қарай зиянды шығарындыларды 30%-ға азайтады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының 2021-2025 жылдарға арналған газдандыру, газ тарату жүйелерін техникалық қайта жарақтандыру» инвестициялық бағдарламасы аясында Шортанды өзенінің сол және оң жағалауындағы Жітіқара қаласының шығыс бөлігін газдандырды.
Газдандыру қалалар мен елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді, өндірістің одан әрі өсуіне, әлеуметтік саланы жақсартуға перспективалар жасайды.
«Коронавирустық пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, компанияның өндірістік филиалдары әдеттегідей жұмыс істеді, тұтынушыларға газ беруде үзіліс болған жоқ. Осылайша жылды оң нәтижелермен аяқтадық. Алдағы уақытта жетістіктеріміз бұдан да жоғары болады деп сенемін», – деді Рустам Сүлейманов. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында кварталішілік газ құбырларының құрылысы өткен жылы басталған және бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады.
Компанияның бас директоры өзекті мәселелерге жеке тоқталды. Ең алдымен, газды күнделікті өмірде пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, дебиторлық берешекті өндіріп алу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Жиында дәстүр бойынша алтыншы жыл қатарынан үздік өндіріс саласы аталды. Көшбасшы бірнеше критерийлер бойынша анықталады, бұл дебиторлық берешек, газдандыру деңгейі, ҚНжЕ, төтенше жағдайлар және басқалары, барлығы 14 түрлі көрсеткіш бойынша бағаланады. Бұл жолы Қостанай өндірістік филиалы үздік болып шықты.
Кездесуді қорытындылаған Рустам Сүлейманов биылға белгіленген барлық жоспарлар орындалатынына сенім білдірді.