QazaqGaz басшысы «Жаңарған QazaqGaz» туралы баяндады

26.04.2022

Нұр-Сұлтан – ҚР Парламенті Сенатында өткен үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Жаңарған QazaqGaz» компаниясының пайымы, дағдарысқа қарсы шаралары, елді көгілдір отынмен қамтамасыз ету туралы алдағы жоспарлары туралы айтты. Санжар Жаркешовтің айтуынша, бүгінде компанияның негізгі басымдықтары айқындалған даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс басталған. Жалпы, компания тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту, жаңа энергетика, газ химиясын дамыту және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергияны тиімді тұтыну, тарифтер мен баға саясатын жетілдіру, инвестициялық және операциялық тиімділік, корпоративтік басқарудың ашықтығы, ESG қағидаттарын енгізу мен цифрлық трансформацияға бет бұрды.

Сондай-ақ, компания елімізді үздіксіз және апатсыз газбен жабдықтау мақсатында еліміздің газ тасымалдау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі арқылы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, 2025 жылы ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру жағдайында ішкі газбен жабдықтау нарығын қорғауды қолға алды.

Сонымен қатар, соңғы жылдары жаңа газ дәліздері енгізілді, бұрын бір-бірінен ажыраған магистральдық газ құбырларынан біріктірілген газ тасымалдау жүйесі қалыптасты. Болашақта ресурстық базаны кеңейту арқылы  орасан зор транзиттік-көліктік әлеуеті бар Орталық Азия газ торабын құру мүмкіндігі туындайды.«Әйтсе де 2024 жылы газ саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Тұтынушылардың барлық сұраныстары қанағаттандырылса, дағдарыс 2023 жылы басталады. Біріншіден, газ тапшылығы 2024 жылдан бастап күтілуде. Ішкі нарықтың қажеттілігі қолда бар газ ресурстарынан ~1 млрд. м3 артық болады. Экспорт тоқтатылады. Бұл жаңа ірі тұтынушылардың, соның ішінде ЖЭО-ты газға ауыстыру (Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 және т.б.), жаңа газ-химиялық кешендерді (ОХК, WestGasOil және т.б.) газға қосу жобаларының үлкен көлеміне мен жаңа ірі коммерциялық тұтынушылар (мысалы, ArcelorMittal, Конденсат және т.б.) пайда болуына байланысты. Екіншіден, 2022 жылы Ұлттық оператордың қаржылық тұрақтылығы ішкі нарықтың шығыны кесірінен нашарлайды деп күтілуде. Осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдау қажет»,-деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, Санжар Жаркешовтің айтуынша, Қашаған және Теңіз газ өңдеу зауыттарындағы тауарлық газ ресурстарын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Ілеспе газды қайта айдау мен жағуды азайтудың кешенді ынталандыру тәсілдерін әзірлеу ресурстық базаны ұлғайту үшін қажетті алғышарт болып табылады.

Сондай-ақ, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар газбен жабдықтау объектілері бойынша (736 нысан немесе жергілікті атқарушы органдар тапсыратын нысандардың 60%-ға жуығы) ескертулерді жою жұмыстарын жеделдету қажет. Басқарма төрағасы атап өткендей, газбен жабдықтау жүйелерін салу бойынша жергілікті атқарушы органдардың функцияларын QazaqGaz-ға беру мәселесін кешенді түрде қарастыру қажет.

Бұдан басқа, ішкі нарыққа газ жеткізу QazaqGaz үшін тиімсіз екенін мойындау керек. «Тауарлы газдың барлық құн тізбегін (жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алу бағасы, көлік қызметтері, көтерме және бөлшек сауда бағалары) ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ҚР Экономика министрлігі мен ҰЭМ ТМРК белгілейді. 2021 жылы шығын 162 млрд теңгені құрады, 2022-23жж күзгі-қысқы жылыту кезеңінде шығын 184 млрд теңгеден асуы мүмкін. Шығындар жер қойнауын пайдаланушылардан 1000 м3 газды 25 209 теңгеден сатып алу құнының газ таратушы компанияларға газды көтерме саудада сату бағасынан асып кетуіне байланысты болып отыр, бұл шамамен 14 327 теңгені құрайды», – деді QazaqGaz басшысы.Айта кетейік, 2025 жылға дейін ішкі нарықтағы шығындардың орнын толтыру үшін Ұлттық оператордың қаржы ресурстарының жеткіліктілігі бойынша болжам әзірленген болатын.Басқарма төрағасы атап өткендей, газдандыру схемасын жаңарту жұмыстары жүруде. Атап айтсақ, Солтүстік облыстар, Елорда және «Сарыарқа» газ құбырының бойындағы басқа да елді мекендерді газдандыру жобалары жаңартылуда. Солтүстік облыстарды және тұтастай алғанда Қазақстанды газдандыруға тартылатын инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін ұтымды тәсіл қолданылатын болады.Сөзін қорытындылай келе QazaqGaz басшысы компания бәсекелестікті дамыту мақсатында газбен жабдықтау нарығын монополиясыздандыру және ырықтандыру идеясын қолдайтынын атап өтті.«Алайда, Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін ЕАЭО-тың бірыңғай газ нарығын қалыптастыруын ескере отырып, ресурстық базаны кеңейту және баға белгілеу жүйесін жетілдіру бойынша жүйелік мәселелерді шешу, еліміздің газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларын ынталандыру шараларының кешенін қабылдау жолында QazaqGaz Ұлттық операторының рөлі артып келетінін атап өту керек. Осыған байланысты бірыңғай сатып алушы үлгісін, жер қойнауын пайдаланудың басым құқығын, тауарлық және шикі газды сатып алудың басым құқығын сақтауды QazaqGaz-ға қалдыруды дұрыс деп  санаймын», -деді Санжар Жаркешов.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар