Қазақстандықтар газға 7 миллиард теңгеден астам қарыз

26.07.2022

Елімізде алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Коммуналдық газ қызметтері қысқа дайындық жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтауы қажет. «QazaqGaz»ҰҚ АҚ басшылығының айтуынша, кестеге сәйкес сапалы жүргізіліп отырған жұмыстар тиісті мерзімінде аяқталатын болады. Жылыту маусымындағы маңызды мәселенің бірі-газ шаруашылығы жұмысын қалыпты денгейде жүргізіп отыру болып табылады. Апатсыз және үздіксіз газбен қамтамасыз етіп отыру айтарлықтай шығынды талап етеді.

Осы ретте көгілдір отын пайдаланатын тұрғындар, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен орта және ірі өнеркәсіптік тұтынушылар сондай-ақ энергия үнемдейтін коммуналдық ұйымдардың қарыздары айтарлықтай алаңдаушылық тудыруда. «ҚазТрансГаз Аймақ «АҚ-ның («QazaqGaz» АҚ-ның еншілес компаниясы) деректері бойынша тұтынушылардың жеткізілген газ үшін мерзімі өткен берешегі бүгінгі күні 7 млрд теңгеден астам соманы құрады. Берешектің көбейуі, жылыту маусымында өз тұтынушыларына газды сенімді пайдалануға беріп, үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған газ саласындағыларға жұмыс жоспарларының жүйелі жүруіне кері әсерін тигізуде. Статистикаға сүйенсек, мерзімі өткен бершек Шымкент қаласында жалпы берешектің 71%-ын, Түркістан (85%) және Шығыс Қазақстан (89%) облыстары құрайды.

Әсіресе, Қызылорда облысында алаңдатарлық жағдай қалыптасып отыр. Облыс бойынша газ үшін жалпы берешек бір жарым миллиард теңге көлемінде болса , оның уақытылы төленбегені 1,3 млрд сомманы құрайды. Бұл дегеніңіз облыс бойынша жалпы берешектің 90% -ын мерзімінде төленбеген қарыз құрап отыр.

Осы жылдың тамызынан бастап реттеуші облыс бойынша бөлшек сауда бағасының құрамында тасымалдау тарифін бір жарым еседен астам төмендетті. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның Қызылорда облысы бойынша шығындары жыл басынан бері 523 млн теңгені құраған. 2015 жылдан бергі кезеңде компания тұтынушылардың барлық топтары үшін тарифтің төмендеуіне байланысты облыс бойынша шығынға ұшырай бастады. Қазіргі кезеңде шығын есебі 14 млрд теңге.

Жағдайды суық ауа райына қалып қоймай қазір шешу керек. Біздің азаматтарымыз өздерінің газға және жалпы барлық коммуналдық қызметтерге алдын ала төлем жасау мәселесіне аса жауапты қарауы тиіс. Нәтижесінде туындаған үлкен қарыздардың салдарынан жеткізуші компания ғана емес , мемлекет пен адал төлем жасап отырған тұтынушылар да зардап шегетінін ұмытпайық.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар