Облигацияларды ішінара сатып алу туралы хабарлама
20.10.2022«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) осымен Қоғамның екінші шығарылымының купондық облигацияларын ұстаушыларға, ISIN KZ2C00003499 (бұдан әрі – Облигациялар) 2022 жылғы 14 қазанда Қоғамның Директорлар кеңесі 5 588 710 000 (бес миллиард бес жүз сексен сегіз миллион жеті жүз он мың) теңге сомаға облигацияларды ішінара сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Облигацияларды ішінара сатып алу келесі шарттарда жүзеге асырылады:
- Облигацияларды сатып алуды өткізу – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында.
- Номиналды құны бойынша облигацияларды сатып алу көлемі – 5 588 710 000 теңге.
- Сатып алынатын облигациялар саны – 5 588 710 дана.
- Баға – сатып алу күніне жинақталған сыйақы есебіменОблигациялардың номиналды құны.
- Сатып алуғаарналғанөтінімдер Облигацияларды ұстаушылардан хабарланған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылданады.
- Облигацияларды сатып алуОблигациялардың барлық ұстаушыларынан өтінімдерді не бас тартуларды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кейін, бірақОблигацияларды ұстаушылар хабардар етілген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізілетін болады. Ұстаушылардан сатып алуға арналған Облигациялардың мәлімделген саны ұсынылған саннан асып кеткен жағдайда, сатып алу барлық ұстаушыларға берілген санға барабар жүргізілетін болады.
- Облигацияларды сатып алу бойынша төлем облигациялар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚҚоғамның шотына есептелген кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады.
Сіздің тарапыңыздан оң шешім болған жағдайда, облигацияларды ішінара сатып алуға қатысуға өтінімді Қоғамға жіберуді сұраймыз.