ҚазТрансГаз Аймақ Бірыңғай Байланыс Орталығын іске қосты
27.12.2022Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ операторларына жүктемені азайтады. ББО арқылы тұтынушы сұрағына жедел жауап беру, тиісті маманмен тез байланыстыру, WhatsApp пен Telegram желілеріне хабарлама қалдыру мүмкіндіктері жолға қойылды.
Сіз Бірыңғай байланыс орталығына 5169 бірыңғай нөмірі арқылы, сондай-ақ WhatsApp және Telegram арқылы 8-777-121-26-26 нөмірімен хабарласа аласыз.
Кіріс қоңыраулары арқылы тұтынушының мәселесін шешу үшін өтінімдер тіркеледі. Тұтынушыны қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріледі. Келіп түскен хабарламалар мен қоңыраулар бірыңғай байланыс орталығында есепке алынып, талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, автоматты интерактивті өзара әрекеттесу жүйесін (IVR) пайдалану – уақытты үнемдеуге және компанияның басқа бөлімдерімен жедел өзара байланысуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек Компания сайтында «тұтынушының жеке кабинеті» модулі жұмыс істеп тұр.
Жеке кабинетте пайдаланушы «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн режимде өтінім беріп, газдандыруға қажетті техникалық шарттарды ала алады. Сонымен қатар, абонент сәтті/сәтсіз берілген өтінім туралы хабарлама алады, газдандыру калькуляторын қолдана алады, есептеу құралын, үй ішіндегі газ жабдығы шартын тексеру мәртебесімен таныса алады, тұтыну, төлемдер мен есептеулер тарихын көре алады.