Газ саласын цифрландыру: үйден шықпай-ақ техникалық шарттарды қалай алуға болады

02.03.2023

Қазіргі таңда газ саласындағы өзекті тренд – цифрландыруды енгізу. Бұл ең алдымен халықтың табиғи газға қосылу мүмкіндігін арттырады. Осы үрдісті қолдау үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірнеше жаңашыл бастаманы қолға алды.

Алдымен, 2022 жылдан бастап «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газдандыру үшін техникалық шарттарды (ТШ) беру процестерін жетілдіріп, автоматтандырды. Ал техникалық шарттарды алу тұрғын үйді газдандырудың алғашқы қадамы болып табылады.

Енді техникалық шарттарды алуға өтінімді үйден шықпай-ақ www.ktga.kz сайтындағы «Тұтынушының жеке кабинеті» арқылы онлайн беруге болады. «Жеке кабинет» модулін қолдануда видеонұсқаулық көмектеседі (http://www.ktga.kz/video-instruction/). Өтінімді өңдегеннен кейін дайын Техникалық шарттарды SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Техникалық шарттарды, сонымен қатар, компанияның аймақтардағы өндірістік филиалдарынан да алуға мүмкіндік бар. Ал, Астана қаласында – ХҚКО арқылы алуға болады (қазіргі уақытта қызметтер Астана қаласындағы екі ХҚКО-да: Серкебаев к-сі 13 және Сәтбаев к-сі 25 көрсетіледі).

ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ БЕРУ ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ (ТЕГІН) ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

 «Жеке кабинетте» тұтынушы ТШ алуға сәтті / сәтсіз берілген өтінім туралы хабарлама алудан басқа, газдандыру калькуляторын қолдана алады, есептеу құралын, үй ішіндегі газ жабдығы шартын тексеру мәртебесімен таныса алады, тұтыну, төлемдер мен есептеулер тарихын көре алады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тағы бір жаңашылдықты енгізді. Тұтынушыларды ақпараттандыру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өтініштерді жедел өңдеу мақсатында 5169 нөмірі бойынша, сондай – ақ WhatsApp және Telegram – 8-777-121-26-26 мессенджерлері арқылы бірыңғай байланыс орталығы (ББО) жұмыс істейді.

ББО газбен жабдықтаушы компанияға тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ абонентке қызмет көрсету барысында туындайтын сұрақтарды жедел шешуді қамтамасыз етеді. ББО қызмет көрсеткен сәттен бастап операторлар тұтынушылардан келіп түскен 30 мыңнан астам өтінімді өңдеді. Азаматтарды мазалайтын негізгі сұрақ – тұрғын үйлерді газдандыру.

Тұрғын үйді жобалау және газдандыру бойынша қызметтер нарығы бәсекелес ортада екенін атап өткен жөн.

Бұл жұмыстарды тұтынушы дербес таңдайтын лицензияланған ұйымдар ғана орындауға құқылы.

Сапалы қызметтер алу және алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мынадай кеңестерді қолдануды ұсынады:

  • Үйді газдандыру үшін бірінші кезекте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-дан техникалық шарттар алу қажет. Техникалық шарттарға (ТШ) өтінімдер беру тәсілдері жоғарыда берілген.
  • «Нарықты» талдаңыз: әр түрлі интернет-ресурстарда (market-place) өнім берушілердің ұсыныстарын зерделеңіз, үйлеріне табиғи газ кіргізген туғандарыңыз бен таныстарыңыздан сұраңыз.
  • Салыстыру үшін істелетін жұмыс құнына (құбыр жүргізудің 1 метрі қанша болады, бір жабдықты орнатуға қанша ақша алады және т. б. үшін) және жұмыстың орындалу мерзімдеріне назар аударған жөн.
  • Пікірлерге назар аударыңыз.
  • Компанияның өз кеңсесі мен сайтының болуы да сенімнің маңызды факторы болып табылады.
  • Таңдалған компанияның сенімділігін тексеру үшін лицензиялары мен аттестаттарының бар-жоғын тексеріңіз. Мұны мына ресурстар арқылы жасаған дұрыс https://elicense.kz/LicensingContent/SimpleSearchLicense (контрагенттерді тексеру сайттарында ұйымның БСН-ін оның атауы бойынша білуге болады https://pk.uchet.kz/, https://statsnet.co/, https://pk.adata.kz/ және көптеген т.б.).
  • Сондай-ақ, осы сайттардан компаниялардың нарықтағы нақты тәжірибесін біле аласыз.
  • Егер қандай да бір компанияны таңдасаңыз, олардан үлгілік шартты және істелетін жұмыстардың нақты сметасын сұраңыз. Смета келісім-шартқа міндетті қосымша болуы тиіс.
  • Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін компания жұмыскерлерінде аттестаттау куәлігінің болуын сұраңыз. Куәліктерде дәнекерлеушінің жұмыстардың қандай түрлерін орындауға рұқсаты бар екені көрсетіледі.
  • Шартты жасасуда келесі тармақтарды толтыру міндетті: шарттың мәні, жұмыстың құны, орындалу мерзімдері, біткен жұмысты қабылдау қалай жүзеге асырылатыны.

НАЗАР аударыңыз! Құрылыс компанияларының сырттағы газ тарату жүйесіне газ құбырын жүргізген тұрғын үйді тікелей қосылуға құқығы жоқ, мұны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іске асырады.

Тұрғын үйді газдандыру бойынша кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ объектіні табиғи газға қосуға дайындығын және орындалған жұмыстың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Осы тексеру барысында мердігер жіберген түрлі кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталуы мүмкін, оларды дұрыстауға мердігер міндетті болады!

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жобалау және құрылыс қызметтерін ұсынбайды және газдандыру қызметтерін көрсететін компаниялардың қызметіне үшін жауап бермейді!

Өз құзыреті аясында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрғын үйді газдандыру кезінде, тұтынушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында, газдандыру процесіндегі кезеңдердің реттілігін түсіндіру бойынша нақты жадынамалар әзірледі.

Жадынамалар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтында, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аймақтардағы өндірістік филиалдарының кеңселерінде орналастырылған (http://www.ktga.kz/gasification/connection/ және http://www.ktga.kz/gazifikaciya/ ).

Бұдан бөлек, болашақ абоненттерге ыңғайлы болуы үшін компанияның сайтында өңірлерде газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер компаниялар тізімі жарияланды http://www.ktga.kz/gasification/gasification-of-residential-house/.

Газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын компаниялар тізімі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (лицензиар) тізілімінде ұсынылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/documents/details/372062?lang=ru (тізілімге сілтеме)

Компаниялардың осы тізімі ақпараттық-таныстыру мақсатында жарияланды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз тарапынан аталған компаниялардың сенімділігі үшін жауапты емес!

«Цифрландыру бастамаларын енгізу кезінде біз бір цифрлық терезе тұжырымдамасы арқылы тұтынушыға бағдар түзеу қағидатына сүйендік. «Тұтынушының жеке кабинеті» – абоненттің біздің компаниямен тиімді қарым-қатынас орнатуына арналған маңызды құрал. Күн сайын абоненттерден бізге шамамен 70-тей телефон қоңырауы және электронды өтінімдері келіп түседі, абоненттеріміздің саны бүгінде 2,2 миллионнан асты. Жаңа платформа бізге деректерді өңдеу жылдамдығын шамамен он еседей ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде біздің абоненттер өздерінің өтініштеріне өте қысқа мерзімде жауап алады. Біз тұрғындардың техникалық шарттарды алу үшін өтінім беруге филиалдардың кеңселеріне бару қажеттілігін жойғымыз келді, енді бәрін онлайн істеуге болады», – дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Хакім Мақсұт.

Абонент үшін тағы бір ыңғайлылық – тұтынған табиғи газ үшін төлем төлеуі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және екінші деңгейдегі банктердің уағдаластықтарының нәтижесінде абонент табиғи газды тұтыну қызметі үшін түрлі жолмен төлем жасай алады: пластикалық және виртуалды картамен, өндірістік филиалдардың кассаларында, банктердің терминалдары мен мобильді қосымшаларының көмегімен төлеуге мүмкіндік алды. Банк қосымшалары арқылы төлем бойынша толық бейненұсқаулық компания филиалдарының Фейсбук және Instagram парақшаларында жарияланды.

Енді Компания қызметтерін одан әрі цифрландыру жоспарында – бір терезе қағидаты бойынша «Газдандыру Marketplace» бірыңғай электрондық порталын енгізу тұр.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар