Түркістан облысының Сарқырама және Мәдени ауылдары табиғи газбен тұрақты қамтылды

06.03.2023

Өткен қаңтар айындағы суық күндері Түркістан облысы Төлеби ауданының Сарқырама және Мәдени елдімекендерін газбен қаматамасыз етуде біраз қиындықтар туындар, салдарынан 600-ден астам абонент газсыз қалды. Тұрғындар 2020 жылдан бері өздеріне газ жеткізіп келген жекеменшік «Қарамұрт-Газ» ЖШС мекемесіне бірден өз наразылықтарын білдірді.

Жағдайды тұрақтандыру үшін аудандық әкімдік жедел штаб құрып, тұрғындармен және «Қарамұрт-Газ» ЖШС басшылығымен кездесу өткізді.

Осы кездесуде тұрғындар өз ауылдарына газ жеткізу қызметін «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына қайтаруды ұсынды, өйткені жекеменшік мекеме биылғы қыс айларында қос ауыл халқын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін толық шеше алмады.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап, Сарқырама және Мәдени елдімекендеріне табиғи газ жеткізу жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ жүзеге асыра бастады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/589347-t-rkistan-oblysyny-2-auyly-tabi-i-gazben-t-ra-ty-amtyldy

 

 

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар