«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Atyrau Oil and Gas» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесіне қатысты

05.04.2023

«Atyrau Oil&Gas» көрмесі – көп жылдан бері нарықтағы мұнай-газ секторы мамандарының басын тоғыстырған алаң.

QazaqGaz ұлттық компаниясы 4 еншілес және бағынысты ұйымдарымен таныстырылды: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «GPC Investment» ЖШС, «QazaqGaz Барлау және өндіру» ЖШС.

Көрмеде Қазақстан, Австрия, Германия, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Ресей және Түркияның мұнай-газ саласынан 86 компания өз өнімдерін ұсынды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы тұрғын үйді газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының реттілігін көрсететін үлгі-схемасын арнайы стендте көрсетті.

  • Оған сәйкес, тұрғын үйді газдандыру реті бойынша, алдымен үй ішіне газ құбырын жүргізу кезінде үйге кіргізілген құбырға міндетті түрде ашып-жабатын бұранда (кран) мен газды есепке алудың жеке аспабы (газ есептегіш) орнатылады;
    • содан соң газ пайдалану жабдығына (жылыту қазандығы, газ плитасы) дейін табиғи және улы газдың шығуын уақытында байқауға мүмкіндік беретін дабыл қаққыш орнатылады. Үй-жайға газ тараса дыбыс шығарып дабыл қағатын бұл жабдық сондай-ақ адамдардың үйде улануының, жарылыстың, өрттің және басқа да оқыс оқиғалардың алдын алуға көмектеседі;
    • бұдан кейін үй-жайға қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес, желдеткіш каналы, түтіндігі жалғанған газ пайдалану жабдығы (жылыту қазандығы, газ плитасы) қосылады. Газ құбырының жабдыққа қосылатын жеріне міндетті түрде ашып-жабатын бұранда (кран) орнатылады.

    Тұрғын үйді жобалау және газдандыру бойынша қызметтер нарығы бәсекелес ортада. Бұл жұмыстарды тұтынушы дербес таңдайтын лицензияланған ұйымдар ғана орындауға құқылы.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар