«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2022 жылды қорытындылады
20.04.2023
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары, компанияның жетістіктері және компанияның даму стратегиясы туралы айтылды.
2022 жылдың қорытындылары бойынша абоненттер саны 2 млн. 324 мыңға жетті. Жаңадан 101 504 абонент қосылды. Газ құбырларының жалпы ұзындығы 63 мың 716 км-ді құрады, өсім 2021 жылмен салыстырғанда 6,6% – ға немесе 3 930 км-ге өсті.
2022 жылы аймақтарды газдандыру ісі де қарқынды болды. 160 елді мекен алғаш рет газ тұтына бастады. 2023 жылы 100-ден астам елді мекенді табиғи газға қосу күтілуде (жағадан 102 500 тұтынушы қосылады деп күтілуде).
Мемлекет басшысының Астана қаласын газдандыру жөніндегі тапсырмасына орай, 2022 жылы жаңадан 5 869 тұтынушы газға қосылды, бұл алдыңғы 2 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Астанадағы газ тұтынатын абоненттердің жалпы саны – 8 428.
«Қазір республика бойынша жылу маусымы аяқталып жатыр. Компанияның газ тарату жүйелеріндегі газбен жабдықтау режимі жылыту маусымында тұрақты болды, тұтынушылар газбен апатсыз және үздіксіз қамтамасыз етілді. Қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз еткен біздің жұмысымызды аймақтағы тұтынушылар лайықты бағалауда. Соның арқасында былтыр газ жеткізу тұрақтылығына көз жеткізген өнеркәсіп секторының 97 кәсіпорны жеке газ тарату компанияларының қызметінен бас тартып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметіне көшті. Осылайша, біз жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Болашақта біздің жетістіктеріміз бұдан да жақсы болады деген үміттемін» – деп атап өтті Бас директор Хакім Мақсұт.
Компания қызметтерін цифрландыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы газдың цифрлық балансы қолданылды, телеметрия функциясы бар тораптық есепке алу аспаптары орнатылды, Шымкент қаласының ГТС цифрландырылды және 224 094 абоненттің тұрғылықты орны анықталды.
Сондай-ақ, техникалық шарттарды (ТШ) беру процесі автоматтандырылды. Қазіргі таңда техникалық шарттарды үйден шықпай-ақ онлайн – www.ktga.kz сайтында «Тұтынушының жеке кабинетінде» алуға болады. Өтінім өңделгеннен кейін дайын ТШ SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Техникалық шарттарды Астана қаласының ХҚКО арқылы да алуға болады, болашақта egov.kz порталы арқылы ТШ алу сервисін іске қосу жоспарда бар. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ халық үшін табиғи газды қосу рәсімдерін жеңілдету, ТШ беру үшін құжаттарды жинауды 8-ден 4-ке дейін, атқарушылық – техникалық құжаттаманы қабылдау бойынша – 14-тен 9 құжатқа дейін қысқартқанын атап өту маңызды.
Тұтынушыларды ақпараттандыру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өтініштерді жедел өңдеу мақсатында 2022 жылғы қарашадан бастап 5169 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. 2022 жылы, негізінен тұтынылған газ үшін төлем әдістері мен газдандыру сұрақтары бойынша 1300 өтініш келіп түскен.
Директорлар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ дамуының оң қарқыны атап өтілді және Компанияның даму стратегиясы назарға алынды. Компанияның даму стратегиясын әзірлеу кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, қаржылық, технологиялық нәтижелерді жақсарту, сондай-ақ цифрландыру сапасын арттыру сияқты аспектілер назарға алынды.
2023 жылға компания газ балансының сараптамалық функционалды меншікті биллинг жүйесін енгізу, газдандыру үшін мердігерді іздеу бойынша тұтынушылар үшін маркет-плейсті іске қосу сияқты цифрландыру жұмыстарын жоспарлап отыр.