Жылыту маусымының қорытындысы: табиғи газды тұтыну бойынша рекорд
27.04.2023«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өткен жылыту маусымын қорытындылады. Газ мамандары сонымен қатар, келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындықты да бастап кетті.
Өткен жылыту маусымы ауа температурасының күрт төмендеуімен және табиғи газды барынша көп қолданумен есте қалды.
Биылғы жылдың қаңтар айында болған ерекше аязды күндерде елімізде табиғи газ тұтыну мөлшері де күрт артты. Мысалы, өткен жылы ең жоғары тәуліктік тұтыну тәулігіне 77 400 мың.м3 деңгейінде болса, биыл бұл сан тәулігіне 94 600 мың.м3 құрады.
№ | Аймақ | Тұтыну кезеңі | Өсу, % | |
Қаңтар, 2022 ж. (мың. м3) |
Қаңтар, 2023 ж. (мың. м3) |
|||
1 | Астана қ. | 23 729 | 53 211 | 124% |
2 | Алматы қ. | 245 916 | 324 686 | 32% |
3 | Маңғыстау облысы | 290 893 | 317 361 | 9% |
4 | Жамбыл обл. | 233 862 | 292 824 | 25% |
5 | Қызылорда обл. | 102 025 | 144 311 | 41% |
6 | Ақтөбе обл. | 310 947 | 384 189 | 24% |
7 | Шымкент қ. | 201 429 | 244 901 | 22% |
8 | Атырау обл. | 162 832 | 190 232 | 17% |
9 | Қостанай обл. | 136 698 | 140 791 | 3% |
Осыған байланысты газ мамандары азаматтарды қазандықтардағы температураны төмендетіп және есік-терезелер арқылы жылудың шығып кетуіне жол бермеуге, газды ұқыпты тұтынуға шақырады. Өйткені, қасбетті, шатырды, еденді сапалы оқшаулау, энергияны үнемдейтін екі қабатты терезелерді қою арқылы, жылу жүйесін өзгертпестен газ тұтынуды азайтуға болады. Заманауи газ қазандығы мен еденді жылыту жүйесі болса да, арнайы жылытусыз өндірілген жылу энергиясы ішінара бос далаға кететін болады.
Осы жағдайлардың бәріне қарамастан, 2022-2023 жж. өткен жылыту кезеңінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ тарату желілерінде газбен жабдықтау режимі тұрақты болды. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Абоненттерден келіп түскен өтінімдер уақтылы өңделеді. Апаттық-диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызмет көрсететін магистралды газ құбырлары мен тарату желілерінің жалпы ұзындығы 63 715 км-ді құрайды, газ тарату пункттері (ГТП, БГРП) – 1 925 дана, шкафты газ реттеу пункттері (ШГТП, ШРП, ШП) – 214 785 дана.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау іс-шараларының тізбесі өндірістік филиалдардағы қоғамның магистральдық және газ тарату желілерін жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың барлық түрін қамтыды.
Бұған қоса, Акционерлік Қоғам 2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде объектілер мен жабдықтарды пайдалануға дайындау жөніндегі бекітілген жоспарға сәйкес бірқатар іс шараларды жүргізуде. Жоспарды орындау бойынша жұмыстар өңірлердегі су тасқыны аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, қоғамның жылыту маусымының өтуіне дайындық аясында тұрмыста газды пайдалану қауіпсіздігі және халық арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚР ТЖМ-мен бірлесіп, тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша халықты смс-хабарландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалы, елдің оңтүстік аймағының тұрғындары өткен жылыту маусымында 112 шұғыл жедел қызметін шақыртудың бірыңғай нөмірінен смс-хабарлама алды.
Бұл ретте, Қоғам ҚР Энергетика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың ел аймақтарындағы қызметтері, халықтың тұрмыстағы газды пайдалану қауіпсіздігін де қамтитын техникалық инспекцияны құруға қатысты өтініш жіберді.