«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында газ тасымалдау тарифін өзгерту бойынша мәселелер талқыланды

18.05.2023

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында газ тасымалдау тарифін өзгерту бойынша мәселелер талқыланды

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Хакім Мақсұт облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Байтақ Әлиев, Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетов те қатысты.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап кәзіргі шаршы метріне 3,32 теңгелік тасымалдау тарифі шамамен 4,6 тг/м3 дейін өзгеруі мүмкін екені талқыланды. Сонымен қатар 16 газ нысанын Мүлікті сенімгерлік басқару арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына беру мен Қызылорда ЖЭО алаңында булы газды қондырғыны (БГҚ) газдандыруға қатысты мәселелер талқыланды. Нәтижесінде тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланысын орнатуға келісті.

Сондай-ақ сапар аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Хакім Мақсұт Қызылорда ӨФ ұжымымен кездесіп, филиал басшылығының есебі тыңдалды.

Филиалға бұған дейінгі сапары барысында Х.Мақсұт Қызылорда қаласындағы газ учаскелерінің абоненттік бөлімдерін күрделі жөндеу бойынша тапсырмалар берген болатын. Инвестициялық бағдарлама аясында үш газ учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жазда тағы 4 газ учаскесін жөндеуді аяқтау жоспарлануда. Бүгінде қала бойынша барлығы 7 (жеті) газ учаскесі бар.

Филиал басшыларының есебін тыңдаған бас директор ұжыммен бірге өндірістік және әлеуметтік сипаттағы проблемалық мәселелерді талқылады, Қызылорда ӨБ басшылығы үшін бірқатар міндеттер белгіледі.

Сондай-ақ, кездесуде өткен жылыту маусымының негізгі қорытындылары айтылып, келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жұмыстар жоспарлары белгіленді.

Кездесуде айтылған барлық сұрақтар бас директор Х. Мақсұттың бақылауына алынды. Кездесу соңында бас директор филиал қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлығына белсенді және жемісті еңбек етуді тіледі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату құбырлары арқылы газ тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді және Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың барлық санаттарына газ жеткізу қызметін атқарады.

 

 

 

 

Облыс бойынша газдандырылған абоненттер саны – 130 мыңнан астам. Облыста Қызылорда ӨФ пайдаланатын газ құбырларының жалпы ұзындығы – 3 663,5 шақырымды құрайды.

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар