Маңғыстау облысының әкімі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұжымына «Алғыс хатын» жолдады.
09.06.2023Жақында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау облысында ұзындығы 60 шақырымдық жоғары қысымды жаңа жерасты газ құбырын іске қосты. Бұл газ құбыры Маңғыстау облысының туризмін, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өзінің Маңғыстау өндірістік филиалы арқылы өңірде бірнеше ауылдарды газдандыру ісіне көмектесіп, Түпқараған ауданының Бегей, Мұнайлы ауданындағы Дәулет ауылдарын газбен қамтудың көп жылғы мәселесін шешіп берді.
Газ тұтынуда қауыпсіздік сұрағын бірінші орынға қоятын газ мамандары облыс аумағында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне 5 300-ден аса газ иісін сезетін дабыл құрылғыларын орнату ісіне атсалысты.
Қайырымдылық шараларына да бір кісідей жұмылатын филиал ұжымы өткен Рамазан айында аз қамтылған отбасыларға барынша қол созып, көмек көрсетті.
Осылайша жергілікті жерде «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының беделін көтеріп, халық алдындағы міндетін лайықты атқарып жүрген газ мамандарының жұмысына облыс басшысы Нұрлан Ноғаев та өз ризашылығын білдірді.
«Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұжымына АЛҒЫС жариялаймын» делінген облыс басшысының құттықтау хатында. Дәл осындай «Алғыс хаты» компанияның Бас директоры Мақсұт Хакім Қайргелдіұлының атына да жолданды.