Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес, Қазақстанда 12 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

12.06.2023

Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес, Қазақстанда 12 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

«Абай облысында орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген құжат мәтінінде.

Қайғы-қасіреттің белгісі ретінде еліміздегі жалаулар төмен түсірілді.

Ауданы 60 мың гектарды құрайтын Абай облысындағы ауқымды орман өртінің салдарынан «Семей орманы» мемлекеттік табиғи қорығының 14 қызметкері қаза тапты.

 

 

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар