Қызылордада газды тасымалдау бойынша тарифтердің 2020-2025 жылдарға бекіту жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті
23.10.20192019 жылғы 31 желтоқсанда 2015-2019 жылдарға арналған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға бұрын бекітілген шекті тариф мерзімі аяқталады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, табиғи монополиялар субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша көрсетуге міндетті.Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы биыл шілде айында табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 2020-2025 жылдарға арналған газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметтерінің тарифтерін бекіту туралы өтініш жасады.
Жаңа тарифтік жоба 747 млн-на астам теңгеге жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруды көздейд. Инвестбағдарлама аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев кентінің кварталішілік газ желілерін салу, Қызылорда қаласында жоғары қысымды газ құбырын салу, ауыстыру сияқты жұмыстарды қамтиды.
Айта кету керек, бұрын қолданыстағы лимиттік тариф аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда облысындағы 2015-2019 жылдары қарыз қаражатынан шамамен 22 млрд. теңге көлемінде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырған болатын. Оның барысында Қызылорда облысындағы 5 елді мекен: Арал, Әйтеке би, Жаңақорған Шиелі кенттері мен Байқоңыр қаласы газдандырылды. Қазіргі уақытта соның есебінен абоненттер саны 132,5 мың адамға көбейді.
Тыңдау барысында түрлі пікірлер айтылды. Филиалдың газ тасымалдау қызметтеріне тарифті бекіту туралы түпкілікті шешім пікірлер мен ескертулерге сүйене отырып бір айдың ішінде қабылданады.