Арыс қаласын газдандыру мәселесін QazaqGaz шешіп берді

25.11.2022

Түркістан облысындағы Арыс қаласының 78 мың тұрғыны бүгін көгілдір отынға қол жеткізді. Бірнеше жылдан бері күткен табиғи газды қала тұрғындарына «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес мекемесі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жеткізіп берді.

Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс қаласындағы Р.Қошқарбаев көшесіндегі Ходжаев Ғабиден ақсақалдың үйі табиғи газға бірінші болып қосылды. Бар ғұмырын теміржолға арнаған, бүгінгі таңда зейнеткер қария газ мамандарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды.

«Күн суытқанда, мына газдың келгені дұрыс болды, үй жылы, балалар көмір тасып жүрген жоқ. Бәрінен бұрын келіндер қуанып жүр. Ал балалардың қуанғаны көңілге әрдайым қуаныш сыйлайды емес пе?! Рахмет бәріңізге», – дейді риза болған Ғ.Ходжаев.

Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін «Темірлан» АГТС пен қала арасына 43 шақырым газ жеткізуші құбыр салынды. Үйлерге газ жеткізу үшін салынған көшеаралық газ құбырының ұзындығы 107 шақырымнан асады. Арыс қаласын газдандыру жұмысы қалаға жақын орналасқан ауылдарға да септігін тигізеді. Енді алдағы уақытта қала маңындағы 32 елдімекенге көгілдір отын беріледі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаевтың айтуынша, елдімекендерді газдандыру жұмыстары әлі де жалғаса береді. Жыл басында бірден 22 ауылға газ берілді. Содан бері бұндай шаралар тоқтаусыз жүрді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше елдімекен табиғи газға қосылады.

Жалпы, көгілдір отынды тұтыну жағынан еліміздің оңтүстігі көш бастап келеді.

Бұған дейін Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Президент тапсырмасына орай әзірленген газ саласын дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес, QazaqGaz ұлттық компаниясы 2030 жылға қарай

Байланыс мәліметтері

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар