Сапа саласындағы саясат
- «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары мен басқа мүдделі тараптарының талаптары мен тілектерін орындау үшін сервистік қызметтер көрсету, тауар газымен қамтамасыз ету, ҚР қолданыстағы заңнамаларын және нормативтік-техникалық базаларын, еліміздің табиғатты қорғау және еңбек заңнамаларының, ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтау қызметтерін тиімді басқару;
- Заманауи технологияларды енгізуді, газ тарату желілерін және ондағы құрылғыларды, өндірістік жабдықтарды жаңартуды және процесстерді оңтайландыруды, өндіріс қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыруды көздейтін компанияны ұдайы дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
- Газбен жабдықтау және сервис қызметтерін көрсету кезінде үздік әдістемелерді, заманауи технологияларды және қазіргі менеджмент жүйелерін енгізу арқылы шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыру;
- Өзара байланысты процестер жүйесі ретінде бизнес-қызметтің менеджментін жүзеге асыру;
- Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған қызметтерді тұрақты жүзеге асыру;
- Компания бөлімшелері мен қызметкерлері және тұтынушылар, қоғам, билік және қадағалау органдары, іскерлік серіктестер, жеткізушілер арасында өзара тиімді байланысты қамтамасыз ету;
- Компания мен оның филиалдарындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, құзыреттілігін және хабардарлығын арттыру, сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы корпоративтік мәдениетті одан әрі дамыту;
- Компания қызметкерінің көрсетілетін қызмет сапасына, қоршаған ортаға әсер етуді қысқартуға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы проблемалардың туындау тәуекелін азайтуға өз жауаптылығын түсіне отырып, жұмыстарды орындау уәждемесі;
- Контрактілер мен шарттар бойынша жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру;
- Компанияның әр бөлімшесінде сапаны жоғары тиімділікпен басқаруды ұйымдастыру.
Компания Басшылығы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін және Компанияның сапа саласының тұрақты жарамдылығына ұдайы талдама жасау үшін өзіне жауапкершілік алады
if ( is_page( array(156, 158, 162, 164) ) ) { ?>
} else if ($post->ID == 166 || $post_parent_id == 166) { ?>
} else { ?>
} ?>