Менеджмент тәуекелі

Қызметтің тиімділігін қолдап, стратегиялық мақсаттарға жету кепілдігін қамтамасыз ету үшін Компания басшылығы өзіне тәуекелдерді басқарудың мақсаттары, міндеттері және принциптерін қоса отырып, төмендегі саясатты жүзеге асыру арқылы тәуекел менеджменті жүйесін құрастырып, іске қосып, дамытып және ұдайы жақсартып отыру міндеттемесін алады.

Компания тәуекелдерінің мақсаты мен міндеттерін басқару:

1) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, компанияның іскерлік беделін сақтау және дамыту үшін мүмкіндіктерді арттыру және туындайтын қатерлерді азайту:

  • стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін оқиғалардың материалдылығын бірегейлендіру және бағалау;
  • тәуекелдердің мақсаттарға теріс әсерін және олардың ықтималдылығын азайту бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
  • тәуекелдерді есепке ала отырып, стратегиялық жоспарлау;
  • қатерлер мен олардың ықтималдылығы туралы компанияның және мүдделі тұлғалардың басшылығын уақытылы ескерту;
  • тәуекелдерді бақылау іс-шараларының мониторингі.

2) тұтынушыларға газдың қауіпсіз және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету:

  • тәуекелді жағдайларға әсер ету бағдарламаларын құрастыру;
  • тәуекелді жағдайлардың салдарын жою процестерін реттеу;
  • төтенше жағдайларға уақытылы әсер ету тиімділігін реттеу, қамтамасыз ету және бағалау.

3) Компанияны басқару сапасын арттыру және басқару мәдениетін жақсарту:

  • компания басшылығының компанияны және оны қоршаған ортаны сараптау кеңістігін ретке келтіру, сыртқы және ішкі ортаның барлық факторлары бойынша, қызметтің барлық сфераларындағы тұрақты, әдістемелік бекітілген тәуекелдерді сараптау рәсімдерін қолдану нәтижесіндегі компанияның нақты жағдайы туралы ұсыныстарының нақтылығы мен баламалылығын арттыру;
  • қабылданған басқару ықпалдарын енгізу қорытындыларына негізделген болжамды бағаларымен ықтимал және ұсынылатын басқару тәуекеліне қарсы ықпалдардың спектрін кеңейту;
  • компанияның өткені мен болашағын, компанияның бұрынғы және болашақтағы экономикалық жағдайларының байланысын қамтамасыз ету.

4) Инвестициялардың сақталу кепілдігі:

  • компанияның бизнес-процестерінің және қаржылық тұрақтылығының айқындығын арттыру арқылы ықтимал инвесторлар үшін компанияның тартымдылығын арттыру;

5) процестерді, жобаларды және өзгерістерді басқару тиімділігін арттыру;

6) тәуекелді ескере отырып, компанияның жоспарлы көрсеткіштерінен ықтимал қаржылық ауытқуларын бағалау тәжірибесін қолданысқа енгізу;

7) тәуекелдің туындауы нәтижесінде компанияның ықтимал шығындарын азайту арқылы компания құнын арттыру;

8) ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру арқылы кірістерді көбейту.

Тәуекелдерді басқару стратегиялары мен принциптері:

Жүйелі тәсіл. Компанияны барлық басқару-деңгейінде қызметтің барлық басты салалары бойынша барлық тәуекел түрлерін басқару. Менеджмент тәуекелі — стратегиялық жоспарлау және процестерді басқаруды қоса алғанда, компанияның барлық ұйымдық процестерінің құрамды бөлігі;

Тәуекелдер үшін толық жауаптылық. Әрбір бөлімшенің және қызметкердің назарына оның құзыреттілігі, білімі және қолында бар, ақпараттар шеңберінде тәуекелдерді басқару процесіндегі міндеттерін жеткізу;

Кросс-функционалдық өзара әрекеттестік. Түрлі қызметтердегі қолда бар, ақпараттарды есепке ала отырып, бірлесіп қабылданған алқалы шешімдер негізінде қызметаралық тәуекелдерді басқару процестерін жүзеге асыру;

Шешім қабылдайтын тұлғаларға тәуекелдер туралы уақытылы және толық көлемде хабарлау мүмкіндігін тудыру үшін тәуекелдерді басқару жүйесін, ақпаратпен қамтамасыз ету;

Шешім қабылдау-деңгейлерін бөлу. Тәуекелдердің маңыздылығына қатысты басқарудың түрлі-деңгейінде тәуекелдерді азайту туралы шешімдер қабылдау;

Тәуекелдерді басқаруға жауапты тұлғаны ресурстық қамтамасыз ету;

Мақсаттарға байланыстыру. Компанияның стратегиялары-деңгейінде қойылған мақсаттардан, заңнама және нормативтік талаптарға сәйкестік аясындағы мақсаттардан және көрсеткіштермен, сапа, денсаулық сақтау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттардан және көрсеткіштерден шығатын тәуекелдерді басқару;

Мүдделі тұлғаларды жұмылдыру. Тәуекелдерді басқару процесіне мүдделі тараптарды уақыт бойынша тиісті және дұрыс жұмылдыру, тәуекелдердің жарамдылық өлшемдерін анықтау кезінде олардың көзқарастары мен қызығушылықтарын назарға алу;

Компанияның сыртқы және ішкі контексіндегі және тәуекел құрылымындағы топтамалар, компанияның мақсаттарға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың ниеті мен түйсіктері, әлеуетті тану, адами және мәдени факторларды назарға алу;

Тәуекелдерді басқарудың экономикалық тиімділігі. Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

Тәуекелдерді басқару тиімділігін бақылау. Тәуекелдерді басқарудың әрбір басым саласы үшін дайындалатын тәуекелдердің басты индикаторларының мониторингін жүргізу;

Өзгерістерге назар аудару. Компанияны ұдайы жақсартуға мүмкіндік беретін, өзгеруге серпінді, икемді және қайталанатын тәуекелдерді басқару процесін құру;

Компанияның өзге менеджмент және аспекттерін дамытумен қатар тәуекел менеджментін дамытуға арналған стратегияны дамыту мен енгізу

Компания басшылығы біріктірілген менеджмент жүйесі (сапа, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тәуекел менеджменті) саласындағы саясатты жүзеге асыруға, олардың сәйкестігіне, жарамдығына, қайта қаралуына жауапты болады.